Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты

Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жұмысшы қаза тапты. Өлім жағдайлары мен себептері анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Павлодар облысының Майқайың кентінде болды.

Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша "Майқайыңалтын" АҚ-да 140 метр тереңдікте жол-көлік оқиғасы болған. Жүк тиеу және жеткізу көлігінің жүргізушісі артқа қарай келе жатып, жұмысшының бірін басып өткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Өндірістегі өлім-жітім туралы ақпарат Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде расталды.

"Қайтыс болған ер адам 1992 жылы туған. Жағдайлар мен себептер анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігі қағып өлтірген. Қазіргі уақытта арнайы тергеу ұйымдастырылып жатыр", - деді Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде.

Марқұмның артында жұбайы мен 6 жасар ұлы қалды.

Бұл "Майқайың алтын" АҚ аумағындағы алғашқы өлім-жітім емес. Биыл қаңтарда жұмыс істемейтін шахтаға төрт тау-кен құтқарушысы бар автобус құлады. Сол күні қаза тапқан екі адам - 24 жастағы Бердіқан Сарқыт пен 53 жастағы Олег Тишкевич табылып, жер бетіне көтерілді.

Адамдармен бірге автобус жерастына кетті: құлау сәті видеоға түсті.

55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергенов пен 36 жастағы взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденнің денелері алты айдан астам уақыт бойы жерастында қалды.

19 шілдеде қайтыс болған Айдос Шаймерден табылды. 24 шілде күні кешке жер қазу жұмыстары барысында құтқарушылардың автобусы табылды, ал келесі күні іздеу жұмыстары кезінде Айып Тілеубергеновтің денесі табылып, көтерілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз