Павлодар облысында заңсыз жер салығының күші жойылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақсу қалалық мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50 пайызға дейін ұлғайтқан.
Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді. Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде, салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз