Павлодар облысында тұрғылықты жері жоқ 2 мыңға жуық адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райының суыта бастағанына байланысты павлодарлық полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналған жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Осы кезеңде полицейлердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - тұрғылықты жері жоқ адамдардың өлімі мен үсіп қалу деректерін болдырмау.
Биыл жыл басынан бастап полицейлер қабылдау-орналастыру орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2323 адамды жеткізді. Полицияға келгеннен кейін жеткізілгендердің барлығы бірқатар рәсімдерден өтеді: олар фото-бейне жазбаларға қойылады, саусақ іздері жазылады, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендердің тізімдерімен салыстырылады.
Полицейлер қабылдау-орналастыру орнының есіктері тәулік бойы ашық екенін қала тұрғындарының есіне салады. Егер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үйлердің жертөлелерінде немесе кіреберістерінде болса, қайыр сұраса немесе қоқыс тастаса, полиция 102 және қабылдау-орналастыру орнына 51-58-51 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!