- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында үш...
Павлодар облысында үш әкім сөгіс алды
Павлодар облысында үш әкім сөгіс алды. Олар су тасқынына қарсы шараларды жасамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының әкімі қалалар мен аудандардың әкімдерімен су тасқыны жағдайы бойынша жиналыс өткізді. Су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылғанына қарамастан, бірқатар әкім бұл тапсырманы орындамаған және су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізбеген.
"Бұған дейін осы мәселені талқылау барысында барлық әкімдерге қарды уақытылы шығару және тұрғын үйлерді су басып қалуына жол бермеу үшін жеке бастарымен жауапты екендерін ескерткен болатынмын. Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ, Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды, - деп жазды өңір басшысы Асайын Байханов өзінің Telegram-дағы каналында.
Еске салайық, бұған дейін Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланғанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан