- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында тұрғындардың...
Павлодар облысында тұрғындардың есінен танып қалуы жиілеген
Павлодар облысында аптап ыстық жұртты әбігерге салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық орындарда өзін жайсыз сезініп, тіпті есінен танып қалған тұрғындар бар. Әсіресе, созылмалы ауруы бар науқастарға қиын. Ауа температурасы 30 градустан түспей тұр.
Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 900-ден аса тұрғын жүгінген. Аптап ыстықтан құлағандар арасында жастар да бар. Мамандар ыстық күндері далаға себепсіз шықпауға кеңес береді.
"Қоғамдық орындарда адамдардың есінен танып қалу жағдайы жиілеген. Біз қала мен облыс тұрғындарын қатты ыстықта далада көп жүрмеуге шақырамыз. Бас киімсіз жүрмеңіз, мейлінше ашық түсті киімдерді таңдаған жөн. Өзіңізбен бірге әрдайым су алып жүргеніңіз абзал", - деді облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз хатшысы Асқар Ғазизов,.
Еске салайық, бұған дейін Меккеде 3 мыңдай адам ауруханаға түскені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова