23 қазанда Омбы–Майқапшағай трассасында Аққулы ауылына жақын жерде МТЗ-82 маркалы трактор мен Lada Granta автокөлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шекті. Көліктер айып тұрағына қойылды.
"52 жастағы әйел мен 5 жасар ер бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал 11 жастағы қызды алдымен аудандық, кейін жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметінде.
Зардап шеккен қызға жабық бас жарақаты, төменгі жақтың ашық сынуы, бірнеше сүйектердің сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы деген диагноздар қойылды.
"11 жастағы қыз өте ауыр жағдайда комада жатыр. Тиісті емдік шаралар көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.
Айта кетейік, полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексерісті бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз