Ішкі істер министрлігі бұрын жасалған қылмыстарды ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша 17 қылмыс ашылған. Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілер қаза тапқан.
Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған кісі өлімі анықталды. 2022 жылы қыркүйекте Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның сүйегі табылған. Оның денесінде жарақат белгілері болған.
"Жедел тергеу іс-шаралары жүргізілгеніне қарамастан, қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады. 2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысының, қосымша жедел іздестіру шараларын жүргізуінің арқасында күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдар бірге ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, салдарынан ол көз жұмған", - деп жазылған хабарламада.
9 ақпанда күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Наурызда Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!