- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында теміржол...
Павлодар облысында теміржол қызметкері ағаш шпалдар ұрлағаны үшін сотталды
Павлодар облысында теміржол қызметкері ағаш шпалдар ұрлағаны үшін сотталды. Сотта электромеханик жасаған ісіне өкінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақсу қалалық сотында теміржол станциясында электромеханик болып жұмыс істеген 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы "ҚТЖ ҰК" АҚ магистральдік желінің Павлодар бөлімшесі филиалының Павлодар жол дистанциясына тиесілі болған 387 ағаш шпалды ұрлаған. Ер адам ойын іске асыру мақсатында өзінің танысынан көмек сұраған. Алайда танысына бұл ағаш шпалдарды өз еңбеақысына алғанын айтып, қылмыстық әрекетін жасырған. Бұл ретте танысы басқа бір ер адамды шақырып, ағаш шпалдарды жүк көлікке тиеп шығарған. Салдарынан ұйымға 2 миллион 319 мың теңгеге залал келген.
Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлар бойынша оның жасаған ісіне өкінетінін және асырауында үш жас баласы бар екенін ескерді.
"Ер адамды көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, материалдық залалдың толық өтелуін ескере отырып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген үкімде.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан