Павлодар облысында тасжолда жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
7 қарашада сағат 19:00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 340 шақырымында Скания автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!