- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында тәрбиеші...
Павлодар облысында тәрбиеші баланы ұрып-соққан
Павлодар облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрған. Полиция бұл іс бойынша тексеруді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 21 қазанда Ақсу қаласының полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларды ұрған №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түскен.
"Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды. Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина