- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында тағы...
Павлодар облысында тағы бір автомобиль көпірі салынып жатыр
Республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1381 шақырымында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салынып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автомобиль жолының 1381 шақырымында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді салу бойынша құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл көпір қала мен облысты байланыстырады: сол жағалауы республикалық маңызы бар автожолға қарасты, ал оң жағалауы Павлодар қаласының маңында орналасқан және елді мекеннің көшесі болып саналады.
2024 жылға арналған жоспарға сәйкес келесі жұмыстар орындалатын болады:
- бұрғыланған қадаларды орнату – 222 дана;
- монолитті бетоннан жасалған ростверкті орнату – 1628 текше метр;
- жер жұмыстары – 145 мың текше метр.
Учаскеде офистік ғимарат пен зертхана салынды, сондай-ақ арнайы техника (51 бірлік) мен жұмысшылар (184 адам) бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы