- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шетелдіктер туралы
Павлодар облысында шетелдіктер құтқарылды
Павлодар облысында тәртіп сақшылары Павлодар-Шарбақты тасжолында шетелдіктерді байқап, көмек қолын созды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Инспекторлар түнде жолдың шетінде тұрған автобуста мәселе туындағанын байқаған.
"Бұл автокөліктің жүргізушісі - Шымкент қаласының тұрғыны таңертең Ресей Федерациясының Красноярск қаласынан Шымкент қаласына шыққанын, салонда 58 жолаушы, олардың барлығы Өзбекстанның азаматтары болғанын айтты. Жолда бензин таусылып, көлік бұзылған. Ол үш сағаттан аса уақыт тұрғанын да айтты", - деді ведомство өкілі.
Полиция қызметкерлері автобусты тексеріп, неге бұзылғанын анықтап, қалаға барып, дизель отынын әкелген.
Өз кезегінде жүргізуші мен шетелдіктер полицейлерге ризашылықтарын білдірді.
"Көмек көрсеткені үшін полицияға үлкен рақмет. Егер инспектор болмаса, қанша көмек күтуге тура келетінін білмеймін. Бізде жанармай таусылды, сонымен қатар көлік бұзылды. Адамдар қатып қалды, суық болды. Барлығы түзелгеннен кейін олар бізге біраз уақыт ілесіп жүрді. Жігіттерге зор денсаулық және қызметте сәттілік тілеймін", - деп ризашылығын білдірді Авлод Асадов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова