Павлодар облысында сау адамды психдиспансерге жатқызғандар жазаланды

Павлодар ауданының қадағалау органы тексеру барысында сау адамның психоневрологиялық орталықта болу фактісін анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана тартылған мамандар денсаулық жағдайы дұрыс екенін атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған.

Осыған байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап-арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін, жоғарыда аталған адамды әрекетке қабілетті деп танып, Психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!