- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында полиция...
Павлодар облысында полиция бастығының орынбасары аяғы ауыр әріптесін ұрды деген күдікке ілінді
Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оған аяғы ауыр әйелді ұрды деген айып тағылды.
13 қазанда Павлодар полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Менің тапсырмам бойынша, аталған факті бойынша Полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады", - деп жазды Василий Скляр.
Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан