Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды

Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды

Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атамекен ауылының маңында тәртіп сақшылары жол бойында жатқан әйелді көрген. Олар дереу көмекке жүгіріп, әйелде инсульт белгілері бар екенін байқаған. Өйткені оның тілі күрмеліп, қозғалысы қиындап жатқан.

Полицейлер тез арада жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлері жеткенге дейін әйелдің жанында болған.

Дәрігерлер диагнозды растап, мұндай жағдайда әр секундтың адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратынын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан