Павлодар облысында полицейлер 50 келіден аса есірткіні отқа жағып жіберді

Павлодар облысында полицейлер 50 келіден аса есірткіні отқа жағып жіберді
Фото: ІІМ

Павлодар облысында 53 келіден аса есірткі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, бұл - қылмыстық істер аясында тәркіленген есірткі мен прекурсорлар. Соттың соңғы шешімдері шыққаннан кейін осындай іс-шара жүзеге асырылған.

Алдымен барлық дәлел міндетті тексерістен өткізілген. Олардың қатарында мөрленген қораптар мен есірткілер, оларды дайындау мен тұтынуға арналған құралдар, тыйым салынған заттарды өндіруге арналған прекурсорлар болған.

"Барлық дерек бойынша қылмыстық істер сотта қаралып, тиісті шешім қабылданды. Жалпы 12 қылмыстық іс аясында 51 нысан жойылды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget