Павлодар облысында педофил-жаттықтырушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалар футбол клубының 31 жастағы менеджеріне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты:

  • Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану арқылы психотроптық зат тектестерін тұтынуға көндiру (ҚК 299-бабы 3-бөлімі 1,2-тармағы);
  • Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (ҚК 121-бабы 4-бөлімк) бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Сотталушымен жасалған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру жазасын, ал ҚК-нің 121-бабы 4-бөлімі бойынша - өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана көздейді.

Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews.kz сот отырысынан толығырақ мәліметтер берді.

"Сотталушы К. 2013 жылы туған жас қызды алдап қонақүйге алып келді, әкімшіге оны қарындасы деп таныстырды, содан соң оған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Ол қонақүйге баламен қалай кіргені, содан кейін қалай шыққаны түсірілген дәлелдер мен бейнелер бар. Сонымен қатар іс бойынша сараптамалар бар", - деді судья Сұлтанов.

Судьяның айтуынша, қонақүй бөлмесінде ер адам қыздың аузын жауып, басын артқа итеріп, мұрнына мефедрон құйған. Сотта ол қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 2024 жылы қыркүйек айында павлодарлық жаттықтырушы 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!