Павлодар облысында Өзбекстан азаматы отандастарын Қазақстанға заңсыз өткізіп келген

Павлодар облысында жедел қызметкерлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзит ұйымдастырылғанын анықтаған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол өз отандастарын Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға заңсыз тасымалдаған. Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін ер адам MAN маркалы жүк көлігін пайдаланған. Көлікті тексеру кезінде жедел қызметкерлер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған құпия орынды тапқан.

Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. 

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!