- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында өрттен...
Павлодар облысында өрттен тоғыз жастағы бала көз жұмды
Павлодар облысында бес бөлмелі үй өртеніп, тоғыз жастағы бала көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 02:58-де Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткеннен кейін бес бөлмелі газоблоктан салынған үйде ағаш шатырдың, жиһаз бен үй заттарының жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр", - деп хабарлады департамент.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенге дейін учаскелік полиция қызметкері және көршісі 2013 жылы туған бала мен үй иесінің ағасы үйден шығарылды. Үйде алты адам болған: үш ересек және үш бала. Үш адам өздігінен үйден шығып, көрші үйде тұратын үй иесінің ағасынан көмек сұраған. Ол үйде қалған балаларды шығарған.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 2015 жылғы бала құтқарылды. Өкінішке қарай, бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Тілсіз жау сағат 06:25 минутта сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орында анықтаушы мен зерттеу сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан