- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында орман...
Павлодар облысында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
"Ертіс орманы" қарағайлы орманында болған өртке байланысты облыстың үш ауылдық округінің аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы" шешім 17 шілдеде "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
"Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі, Галкино ауылдық округі және Шалдай ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 15 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады", - делінген құжатта.
Аудан әкімі Әзілхан Әбеуов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзін төтенше жағдайды жою бойынша басшы етіп тағайындаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан