Павлодар облысы Ақтоғай ауданында оқыс оқиғадан алты адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
20 шілдеде сағат 12:01-де Жоламан ауылындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.
Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адам көз жұмғанын анықтаған.
Сондай-ақ, 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған орташа дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану диагнозын қойған.
Қазір науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты, облыс орталығына тасымалдаудың қажеті жоқ.
Облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!