- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында медбикені...
Павлодар облысында медбикені балағаттаған тұрғын қамауға алынды
Павлодар облысында медбикені балағаттаған тұрғын қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, ауыл тұрғыны медбикені қорлағаны және қоғамдық жерде мас күйінде болғаны үшін бес тәулікке қамауға алынған. Оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Ертіс ауданының тұрғындары учаскелік полиция қызметкеріне ауыл көшелерінің бірінде жүрген мас адам туралы хабарлаған. Шақыртуға келген полицейлер ер адамды медициналық куәландыруға алып барған. Аудандық емханада медициналық куәландыру жүргізу кезінде ауыл тұрғыны балағат сөздер айтып, қабылдау бөлмесінің медбикесіне наразылығын білдірген.
"Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша ер адам жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның қаулысымен тәртіпбұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолданылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ер адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Жыл басынан бері Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 310 қылмыскер жазаланды, оның үшеуі - Ертіс ауданының тұрғындары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова