- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында маралдар...
Павлодар облысында маралдар мен бұғылар 80 мың теңгеден сатылып жатыр
Павлодар облысында маралдар мен бұғылар 80 мың теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды рavlodarnews.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Порталдың мәліметінше, Лебяжі ауданы Шарбақты ауылындағы марал шаруашылығы жабылады. Қазіргі таңда кәсіпкерлік нысанына иелік ететін "Тоталсервис" ЖШС маралдар мен бұғыларды сатуға кіріскен. ЖШС демалыс базасының учаске басшысы Евгений Бондаренконың айтуынша, қазіргі таңда шаруашылықтағы жануарларды ұстау тиімсіз әрі көп қаржыны талап етеді.
"Бүгінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылығында 42 марал мен 18 теңбіл бұғы бар. Жалпы кәсіпкерліктің аңшылық жерлерінен бір жыл бұрын бас тартқан болатынбыз. Бизнестен түсетін пайда аз. Сол себепті қалған тұяқтыларды сатып жібермекпіз. Әзірге сатып алуға ниет білдіргендер жоқ", - дейді ол.
М. Бисембаева