Павлодар облысында мал жаюға арналған жер жеке тұлғаға өтіп кеткен
Фото:
gov.kz
Павлодарда аудан прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.
Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 миллиард теңге.
Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина