Павлодар облысында құны 101 млн теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысында құны 101 млн теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мемлекетке құны 101 млн теңге болатын мүлік қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы мемлекет мүдделерін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бойынша жүргізілген жұмыс аясында жер заңнамасының талаптарының бұзылуын анықтады.

Атап айтқанда, талдау барысында "Жанабет" шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.

Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты. Жалға алу шарттары бұзылып, учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Әкімдік қаулысымен бағалау құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне ресімделді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget