Павлодар облысында кішкентай қыз кіржуғыштан шыға алмай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
ТЖД мәліметінше, ата-аналармен профилактикалық нұсқа жүргізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!