- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында кісі...
Павлодар облысында кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды
Павлодар облысында кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды. Ол қылмысты Ресейде жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәіліметінше, Екібастұздың полиция қызметкерлері биылғы шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.
15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүргені үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтардың жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілген.
"Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Ал 22 жастағы шетелдік азамат биылғы шілде айында Ресей Федерациясында кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды", - деп хабарлады департамент.
Сонымен қатар екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан