Павлодар облысының Ақсу қаласында Әуезов көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші және бесінші қабатында орналасқан төрт балкон өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар өрттің пәтерлерге таралуына жол бермеді.15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт дереу сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!