- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында қомақты...
Павлодар облысында қомақты қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді
Павлодар облысында прокуратура 1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, қомақты қаржы МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген.
"Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдағы ауданы 25 га және 5 га екі жер учаскесіне бағалау жүргізген. Бірақ онда жердің құны қаладағы жердің бағасы бойынша есептелген. Осылайша, нақты құны 126 млн болатын 2 жер учаскесіне бюджеттен 1 млрд 1 млн 197 999 теңге бөліне жаздаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджет өтінімі кері қайтарылды. Учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды", - деп жазылған хабарламада
Кінәлі лауазымды тұлғалар жазаға тартылған.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz