- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында колонияға...
Павлодар облысында колонияға КАМАЗ-бен ішімдік кіргізбек болған
Фото:
depositphotos.com
Павлодар облысында №45 мекеменің қызметкерлері ҚР ҰҰ 6679 әскери бөлімі қарауылының кезекші нарядымен бірлесіп тінту кезінде автокөлік ішінен тыйым салынған зат тауып, тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнеркәсіптік аймаққа кіру үшін келген КАМАЗ автокөлігінің жүргізушісі құрамында спирті бар ішімдік бөтелкесін кіргізуге тырысқан. Сұйықтық мекеменің өнеркәсіптік аймағына кіретін КАМАЗ автокөлігінің жүк салғышында жасырылған.
Осы факті бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес шешім шығару үшін іс Павлодар әкімшілік сотына жіберілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан