Павлодар облысында көлік пен жылқы соқтығысып, алты адам зардап шекті

Павлодар облысында көлік пен жылқы соқтығысып, алты адам зардап шекті
Фото: pavlodarnews.kz

Жол апаты Айнакөл ауылына бұрылыста Павлодар - Астана тас жолында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлері осы аптада жол апаттарына 12 рет аттанған. 103 дәрігерлері тартылған жол-көлік оқиғаларында 60-тан астам адам зардап шекті. 

Өткен бейсенбіде сағат 22.58-де Айнакөл ауылына бұрылыста жол-көлік оқиғасы туралы жедел жәрдемге шақырту түскен. Қоңырау шалушы көлік сол жерде жылқыларға соқтығысқанын хабарлады.

Диспетчер сол жерге үш медициналық бригаданы жіберді. Зардап шеккендердің арасында 4, 5 және 9 жастағы үш ұл бала облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізілді.

Сондай-ақ, 35 және 69 жастағы әйелдер мен 33 жастағы ер адам жарақат алды. Олар №1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан