- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жол апаты туралы
Павлодар облысында көлік жылқымен соқтысып, жүргізуші қаза тапты
Павлодар облысында жылқымен соқтығысқан көлік жүргізуші сі қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басылым мәліметінше, Түнде Volkswagen жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол жолда тұрған екі атқа соғылып, арыққа ұшып кетіп, аударылған.
Облыстық Полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Жылқылардың иесі анықталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Новосібір облысымен шекараға 10 шақырым аумақта болған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бір үйір жылқымен қалада жүрген мал иесі жазаланғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова