- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында көлік...
Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты
Фото:
Tengirnews.kz
Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуірде Аққулы ауданындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Шевролет Кобальт маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды.
Жол апаты салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан