Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 мамырда сағат 23.25-те Павлодар облысы ТЖД-ға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түскен.
"9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейі көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр", - деп жауап берді өңірдің ТЖД өкілдері.
Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!