- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында қайық...
Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты
Фото:
depositphotos.com
Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген.
"Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға орын алған жерден алты километр жерде орналасқан жағадан тауып алған", - деп хабарлады департамент.
Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан