Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды

Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Күдіктілер алаяқтық, тонау, бопсалау, ұрлық және басқа да қылмыстар үшін ұзақ уақыт іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықбұзушыларды іздеу тек ел ішінде жедел іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Іздестіру елден тыс жерлерде де жүзеге асырылады.

"Үйлестірілген қызмет және 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік юрисдикциялардағы халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттердің аумағында 15 қылмыскер анықталды", –  деді департамент өкілі.

Мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағаны үшін қашқындар сот алдында жауап береді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова