- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында картоп...
Павлодар облысында картоп алқабын таптап кеткен мал иесіне айыппұл салынды
Павлодар облысында картоп алқабын таптап кеткен мал иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні Павлодар ауданының Заря ауылы маңында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы бақташысыз жайылып жүрген малды ұстаған. Атап айтқанда, шаруа қожалығы басшыларының біріне тиесілі картоп өсірілетін, суарылатын алқаптың көшеттерінде жылқылар қараусыз жайылып жүрген.
"Иесіз мал жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айып тұрағына айдалды. Полиция малдың иесін жылқыдағы тавро бойынша анықтады. Ол Павлодар ауданы Жертұмсық ауылының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары бақылаусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарының иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты", – деп хабарлады облыстық баспасөз қызметінде.
Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан