Павлодар облысында жұмысшы көз жұмды

Павлодар облысында жұмысшы көз жұмды. Оқыс жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 2 шілде күні түсіру орнынан қозғалу кезінде автосамосвал құлап кеткен. Салдарынан 1966 жылы туған жүргізуші қайтыс болған. 

"Қазіргі таңда жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылуда. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады", - деп хабарлады басқармада. 

Қайғылы оқиға "Богатырь Көмір" ЖШС-нде болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!