- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында жұмыс...
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім жұмыстан қуылды
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен ауыл әкімі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қол астындағы қызметкерді жұмыстан босату туралы шешімді Екібастұздың әкімі Аян Бейсекин қабылдады.
Бұған дейін Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевты жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін қызметінен босату ұсынылған болатын.
"Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев қызметінен босату түріндегі жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство мәліметінше, ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімге жұмыстан босатудан басқа жаза қолдануды сұраған болатын. Бірақ бұл өтініш ескерілмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек