- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында жүкті...
Павлодар облысында жүкті оқушы үшін сөгіс алған мұғалімдердің жазасы күшін жойды
Павлодар облысында жүкті оқушы үшін сөгіс алған мұғалімдердің жазасы алынып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
21 қарашада Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүкті болып қалғаны туралы ақпарат тарады. Сайттың мәліметінше, қыздың дене бітімі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқаған. Дереу кәмелетке толмаған баланың анасына хабар берілген.
Бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған еді. Алайда кейінірек мұның күші жойылды.
"Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр", - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Зардап шегуші үйде қашықтықтан оқып жатыр, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі.
Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті – өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан