- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында жүк...
Павлодар облысында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті
Фото:
Tengrinews.kz
"Бозшакөл – Үленті" станцияларының аралығында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті, салдарынан жылқының бәрі өліп, пойыз 13 минутқа тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Екібастұз станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мал иесін анықтады.
Ол Павлодар облысының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған азамат теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан