Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты: екі адам мерт болды

Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Құлакөл ауылы маңында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан 2 жолаушы қаза тауып, 2 адам жарақат алған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес Павлодар-Қызылорда тасжолының 110-шақырымында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Shacman маркалы көлікпен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деді Павлодар облысы ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!