Павлодар облысында жүк көлігі жаяу адамды қағып кетті. Оқиға Омбы-Майқапшағай автожолының 340-шақырымында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада сағат 19:00-де Scania маркалы автомакөліктің жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тексеру жүргізуде, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!