Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы отқа оранды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:50-де Павлодар - Астана автожолындағы Қалқаман кентінің маңында жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты", - деп хабарлады ведомство.
Автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Өрт сағат 11:07-де ауыздықталып, сағат 11:14-те толық сөндірілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз