Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жаңауыл ауылы маңында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар адам сүйектерін тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, сүйек Атамекен - Иртышск - Русская поляна тасжолы бойында айналма жол салу кезінде табылған. Бульдозер жерді қазу кезінде шамамен бір метр тереңдіктен сүйектер мен бас сүйекті шығарып алған.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
"14 тамызда Ақтоғай ауданы Жаңауыл ауылының маңында жол жұмыстары кезінде кюветтен сүйек табылды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалып, жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", – деді ведомство.
Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Балқашта да жылу құбырларын ауыстыру кезінде үш адамның қаңқасы табылған болатын. Полиция ол сүйектерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін мәлімдеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек