Павлодар облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтарда Павлодар - Қызылорда автожолының 1233-шақырымында Hyundai Accent пен КамАЗ соқтығысты.
"Оқиға салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауды ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!