Жол-көлік оқиғасы Павлодар - Қызылорда автожолында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:00-де Шідерті кентіне қарама-қарсы 47 шақырым жерде, DAF FTXF-105 маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі ілеспе бағыттағы Рno-143 ifri маркалы автокөліктің тіркемесімен соқтығысқан.
"DAF FTXF-105 көлігі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тіркемеде болған 45 бас жылқының алтауы өліп қалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!