Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан кішкентай бала қаза тауып, екі ересек адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Атамекен-Русская поляна тасжолының бойында, Ребровка ауылының маңында болған.
Lada Granta және BMW көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалғанын жазған едік.
Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!