Павлодар облысында жол апатына ұшыраған бес адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық бала үйге жіберілген.
"2019 жылы туған қыз баланың маңдайы жарақаттанған еді. Ал 2016, 2019 жылы туған екі ер баланың бас терісі жарақаттанған. Ал 2017 жылы туған қыз жабық ми жарақын алған. Алайда ауруханаға жатудан бас тартты", - деп хабарлады басқарма.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 шілде сағат 17:00 шамасында Заря ауылының жанында Daewoo Matiz автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы ер адам көліктің рөліне ие бола алмай, жол апатына ұшыраған. Көлікте ер-азаматпен қоса, екі 4 жастағы бала және 7,6 жастағы бала болған.
"Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департамент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!