Ақсуда құтқарушылар үшінші қабаттан ағашқа құлаған әйелге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әйел дін-аман.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Ақсу қаласында құтқарушылар үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйелді ағаштан түсірді.
"Құтқарушылар үш буынды баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство өкілдері тұрғындардан төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!